«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша банктерден берілген субсидиялардың 15,88 пайызы Қазақстан халық банкінің үлесінде

Қазақстан халық банкі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде берілген субсидиялар ауқымы мен несиелік қоржын көлемінің көрсеткіші бойынша көш бастап келеді. Клиенттерге аударылған субсидия сомасының көлемінде банктің үлесі 18,52 пайыз немесе 5 млрд. теңге, ал заемшылардың несиелік қоржынының үлесі 102,8 млрд. теңгені құрады. Бұл бағдарламаға қатысушы екінші деңгейлі банктер клиенттеріне тиесілі жалпы несиелік қоржын көлемінің 15,88 пайызын құрайды.
Субсидияланатын жобалардың құрылымында өңдеу өнеркәсібіндегі, көлік және қоймаларды жалдау секторындағы, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінде қолға алынған жобалар басым болып келеді. Банк қарастыру үшін клиенттерден қабылдап алған және Аймақтық үйлестіру кеңесі Экономикалық даму және сауда министрлігі мақұлдаған жобалар саны жағынан көш бастаушылар қатарында тұр. Нақты айтқанда, жобалардың жалпылама көлемі және аталған бағдарламаның 1-ші, 2-ші және 3-ші бағыттарына сәйкес мақұлданған жобалар саны бойынша екінші орынды иемденіп отыр.