13:20, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға арналған шаралар жүргізіледі
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға арналған шаралар жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Экономикалық даму және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жанар Айтжанова мәлім етті.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ете түсу үшін ағымдағы жылы бағдарлама шеңберінде қосымша жаңа бағыттар енгізілетіні көзделіп отыр. Бұл шаралар негізінен кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға бағытталады. Аталған бағыт жаңадан айналыса бастаған кәсіпкерлерді қолдауды, қолданыстағы бизнеске сервистік қолдауларды және шағын және орта бизнестің топ-менеджментке оқуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын болады», - деді Ж. Айтжанова.
Оның айтуынша, кәсіпкерлікті қолдаудың осы бағытына бірқатар сарапшылар, білікті мамандар баса назар аударып келеді.