«Бизнестің жол картасы-2020» бойынша Шығыс Қазақстан облысы бөлінген қаражаттың 95 пайызын игермеген - ҰЭМ

Министрдің сөзіне қарағанда, бағдарламаның «Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау» бағыты бойынша 2015 жылға 100 млрд. теңге бөлінсе, соның 73 млрд. теңгесі немесе 73 пайызы игерілген. Бұл ретте ведомство басшысы «Бәйтерек» холдингінің жыл соңына дейін 7,5 млрд. теңгені игеруді қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті.
«Бизнестің жол картасы 2020» жобалары үшін қажетті инфрақұрылымды салуға 9,8 млрд. теңге шамасында бюджет қаражаты бөлінді, олардың ішінде 5,4 млрд. теңге 8 индустриялық аймақтағы инфрақұрылымдарды қаржыландыруға, 4,4 млрд. теңгесі кәсіпкерлердің 40 жобасын қаржыландыруға бөлінген. Аталған қаражатты игеру көрсеткіші 68 пайызды құрап отыр. Конкурстық үдерістердің кешеуілдетілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында қаражаттың игерілмеу көрсеткіші 95 пайыз (жоспар бойынша 567,5 млн. теңге болса, игерілгені 25,9 млн. теңге немесе 5%), Жамбыл облысында - 24% (жоспар 578 млн. теңге, игерілгені 444,5 млн. теңге немесе 76%), Оңтүстік Қазақстан облысында - 22% (жоспар бойынша 2 млрд. 870 млн. теңге, игерілгені 2 млрд. 250 млн. теңге немесе 78 пайыз) құрап отыр. Қалған облыстарда игерілген қаражаттар қаржыландыру жоспарының 93 пайызынан асады», - деді Е. Досаев.
Министрдің айтуынша, нақтыланған бюджет бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін бағдарламаның осы бағытында 3 млрд. теңгені игеру қажет.