«Бизнестің жол картасы-2020» ұзақмерзімдік бағдарламасы аймақтағы шағын және орта бизнесті ынталандыруға бағытталып отыр - ШҚО әкімі

сонымен бірге жұмыссыздардың санын 10 мыңға азайтып, оның деңгейін 1,3 пайызға дейін қысқарта алдық. Кеше Өскеменде өткен республикалық кеңесте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осындай мәлімдеме жасады.
Жол картасының өңірдегі жетістіктеріне тоқталған әкім, бағдарламаны жүзеге асыру барысында оны қаржыландыруға облысқа 30 миллиардтан астам теңге бөлінгенін атап көрсетті. Жол картасы жүзеге асырылған екі жылда 1 695 жоба жүзеге асырылып, 45 мың жұмыс орны құрылды. 7 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша облыс кәсіпорындарымен 2 мыңнан астам келісімшарт жасалып, оларға 6 мың адам жұмысқа жіберілді. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аяқталғаннан кейін, 3 300 адам тұрақты жұмысқа тұрғызылды. Кадрлар дайындау және қайта мамандандыру бағдарламасы бойынша өткен екі жылда 15 400 адам оқытылды. 10 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орнын алды.
Сондай-ақ әлеуметтік нысандарды жөндеу, елді мекендерді абаттандыру бойынша көп жұмыс жүргізілді, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы атқарылды. 900-дей денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және әлеуметтік нысаны, 3,5 мың шақырымнан астам жол, 490 шақырым су-кәріз жүйесі, электр және жылу желілері жөндеуден өткізілді.
«Бағдарламаның арқасында біз негізгі міндетті еңсердік - жұмыссыздыққа және өндірістердің тоқтауына жол берген жоқпыз. Мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Қабылданып отырған «Бизнестің жол картасы -2020» ұзақмерзімдік бағдарламасы аймақтардағы шағын және орта бизнесті ынталандыруға бағытталып отыр. Шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасау - мемлекеттің жедел экономикалық дамуға, қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі басымдықтарының бірі болып табылады», - деді әкім өз сөзінде.