«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020»: Жамбылдықтардың көптен күткен арманы орындалды - Таразда мега-орталық салынуда

ТАРАЗ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев облыс орталығында сауда-ойын-сауық кешенінің құрылыс барысымен танысты.
None
None

Жобаның құны - 5 млн АҚШ доллары, Shangrila Luxury» компаниясы оның 4,5 миллионын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде несиеге алды.

Құрылыс мердігері «TransCom International-TN» ЖШС аймақтағы ірі сауда-ойын-сауық кешенінің құрылысын тұрғызу жұмыстарын 2014 жылдың көктемінде аяқтауға уәде берді.

Тараздың орталық бөлігінде, Атшабар бағы маңында ауданы сегіз мың шаршы метр болатын үш қабатты ғимарат тұрғызылады, онда 500 орындық үш 3D-кинотеатры, екі мың шаршы метр балалар ойын-сауық кешені, супермаркет, қоғамдық тамақтандыру қызметі, банктер филиалдары, шағын қонақ үй орналасады.

Аймақ басшысы Қ. Бозымбаев кешенге іргелес аумақты абаттандыру қажеттігін, жақын маңайда орналасқан Атшабар бағын қайта құру қажеттігін атап өтті. «Қазірдің өзінде өртке қауіпсіз құрылыс материалдарын қолданудан бастап, келіп кіретін жолдарды ұйымдастыруға дейін ұсақ-түйектің бәрін ойластыру қажет», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар