БҚО әділет департаментінің ресми сайты ашылды

ОРАЛ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Өңірдегі әділет органдары жүйесі қызметін халыққа хабардар етіп, оның салалары бойынша ақпараттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында Батыс Қазақсан облысы әділет департаментінің www.bkoadilet.kz ресми сайты ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Аталған сайтта әділет органдарының қысқаша тарихы, құрылымы, жаңалықтар мен мақалалар, қызмет түрлері бойынша ережелер мен жадынамалар орналастырылған. Сонымен қатар заңнамалар бойынша сұрақ-жауаптар, құрылымдар мен әділет басқармаларының мекенжай, телефондары, электрондық пошталары, нотариат, адвокатура, қылмыстық атқару жүйесі, сот сараптама қызметі бойынша мәліметтер мен деректерді де табуға болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум