БҚО әкімдігі жанындағы ҚР мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

ОРАЛ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - 23 мамыр күні БҚО әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің төрағалық етуімен өңір әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
None
None

Комиссия отырысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Басқосуда Батыс Қазақстан облысының шекара бекеттерінде, Орал қаласында, Жаңақала, Қаратөбе, Теректі аудандарында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңның орындалу барысы, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жұмыстары кеңінен талқыланды. Мемлекеттік мекемелерде, мектептерде, оқу орындарында, саяси маңызды шараларда мемлекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуына терең мән беріп, жіберілген қателіктерді дер кезінде жою керектігі айтылды. Әсіресе, шекара бекеттерінде мемлекеттік тудың бүлінуіне жол бермеуге және оны болашақта болдырмау жөнінде ескертулер мен ұсыныстар айтылды.

Соңғы жаңалықтар