18:21, 01 Маусым 2014 | GMT +5
БҚО әкімі балаларды мейрамымен құттықтады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай шаралар ұйымдастырылды.
Қалалық мәдениет және демалыс саябағына балаларды мейрамымен құттықтауға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы келді. Осында концерттік бағдарлама қойылып, балалар асфальтқа суреттер салды. Жеткіншек ұрпаққа ізгі тілегін арнаған өңір басшысы түрлі ойындарда үздік шыққан балаларға тарту-таралғылар табыс етті.
П.Атоян атындағы стадионда балалар үстел теннисі, шағын футбол, асық ойнауға, түрлі қашықтықтарға жүгіруге мүмкіндік алды.
«Әсет» кафесінде мүгедек 30 балаға тәтті үстелдер қойылса, «Атриум» сауда орталығындағы мейрамханада аз қамтылған отбасыдан шыққан 60 жеткіншекке дастархан жайылды.