БҚО әкімі қос ауданда болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бүгін жұмыс сапарымен Шыңғырлау және Бөрлі аудандарында болды,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Шыңғырлау ауданында өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес пайдалануға берілген 290 орындық «Болашақ» бабалақшасының жұмысымен, аудандық тауар өндірушілер көрмесімен танысқан өңір басшысы содан кейін аудан әкімі Альберт Есәлиевтің тұрғындармен есептік кездесуіне қатысты. Онда Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына сәйкес кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығын дамытуға, жалпы ауыл халқына қолдау көрсетілетін болады. Мысалы, биыл Тасмола және Лубен ауылдарындағы су құбырларын жаңғыртуға 352 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл жұмыстар алдағы жылы жалғасады. Тасмоладағы фельдшерлік-акушерлік пунктті (ФАП) күрделі жөндеуге жергілікті қазынадан 32 млн. теңге қаралды. Алмазда ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу мәреге жетіп, ФАП-ты ретке келтіру жұмыстары басталады. Бұл мақсатқа 100 млн. теңге берілді. Сондай-ақ аудан орталығы Шыңғырлауда ауылішілік жолдар құрылысына облыстық бюджеттен 252 млн. теңге қарастырылды.

null  

Облыс басшысы Ақсай қаласында өткен жыл соңында іске қосылған, 5-інші және 7-шағынауданды жылумен қамтитын қос қазандық, «Ақсай» спорт кешенімен және алдағы Наурыз мерекесіне орай пайдалануға беру көзделіп отырған 320 орындық балабақша құрылысымен танысты.

Аудан әкімі Алдияр Халеловтің есептік кездесуіне қатысқан Алтай Көлгінов жыл қорытындыларына тоқталып, алда тұрған міндеттерді атап көрсетті. Бөрлі ауданында да биыл бірқатар жұмыстар жоспарлануда. Айталық, республикалық бюджет есебінен Ақсай-Жымпиты бағытында 15 км жол құрылысын жүргізу көзделуде. Оған қоса Ақбұлақ ауылынан облыстық жолға шығатын 15 км жол құрылысы салынбақ, бұған жергілікті қазынадан 300 млн. теңге қаралды. 2016 жылы Ақсайдың 16 көшесіне қатысты жобалау-сметалық құжаттамасы жасалса, биыл орталық көшелер жолдарына орташа жөндеу жүргізілмек. Бөрлі ауылының орталық Достық көшесінде жол салынбақ. Елді мекендерді сумен қамту бағытында да тиісті жұмыстар атқарылады.

null  

Айта кетейік, Березов пен Бестау ауылдарының тұрғындарын толықтай көшіру биылғы тамызда басталмақ. Аудан әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, осыған байланысты қазіргі кезде Ақсай қаласы мен Аралтал ауылында құрылыс қызу жүргізілуде. Барлығы 1259 адам (375 үй) қоныс аудармақ. «ҚПО б.в.» компаниясы Ақсайдағы «Қарашығанақ-1» шағынауданында әрқайсысы 153 пәтерлік екі тұрғын үй, Аралталда жер телімі бар 100 үй салуда. Көшу кезінде көлік жағынан да көмек көрсетілетін болады. Қоныс аударушылардың балаларын ескере отырып, Ақсайдың 10-шағынауданында 320 орындық балабақша, Аралталда 300 орындық мектеп бой көтеруде.

null  

Бұдан бұрын Березов пен Бестау ауылдарының тұрғындарын көшірудің бірінші кезеңінде 82 үй тұрғындары (416 адам) Ақсайдағы 80 пәтерлік және 75 пәтерлік үйлерге орналасқан болатын. 

null null 

Соңғы жаңалықтар