БҚО әкімі Мәжіліс депутаты, ауған соғысының ардагері Б.Смағұлды қабылдады

ОРАЛ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - 15 ақпан күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Мәжіліс депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлерi» қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Сауап» қоғамдық қорының төрағасы Бақытбек Смағұлды қабылдады.
None
None

Қабылдаудан кейін Б.Смағұлдың атап өткеніндей, бүгін - Ауған соғысы жауынгерлерінің осыдан 24 жыл бұрын ұрыс даласын тастап шыққан күні. Бұл күн - сол бір жылдарда елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні. Әр үйдің бесігі бейбіт күнде тербетіліп, әр шаңырақтың түтіні түзу шыққанын қалайтын ардагерлер үшін айтулы күн. «Ардагерлеріміздің ынтымақ-бірлігі ешқашан ажырамай, бір мақсат, бір пікірде бола берсін деген ниетпен осы облысқа ат басын тіреп отырмыз. Өзгеге үлгі болатындай, Батыс Қазақстан облысы -Ауған соғысының ардагері атына лайық нағыз ерлерді өсірген аймақ. Ауған соғысына қатысқан ерлерге ҰОС ардагерлерінің лайықты ізбасары ретінде «Соғыс ардагері» деген мәртебе беру туралы Парламентте де жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Бұл мәселе тек қана Ауған соғысы емес, Чернобыль апатын жою, Семей полигонына қатысқан бауырларымызды да қамтиды», деді Мәжіліс депутаты.

Соңғы жаңалықтар