БҚО әкімі мерекелік медальдарды тапсырды

ОРАЛ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен марапатталғандарға «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарын табыс етті.
None
None

Марапаттар барлығы 48 адамға тапсырылды. Олардың дені - ардагерлер. Мерекелік медальға ие болғандар арасында Қаршыға Алтаев, Бақтығали Ахметов, Мұхтар Әжіғұлов сынды ардагерлер, ақындар Қайрат Жұмағалиев, Ақұштап Бақтыгереевалар бар.

Соңғы жаңалықтар