БҚО әкімінің қатысуымен Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының жаңа міндеттері айқындалды

ОРАЛ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - 8 мамыр күні Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы кеңесінің отырысы болып,
None
None

онда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттерге байланысты жаңа іс-шаралар белгіленді.

Отырысты ашқан облыс әкімі, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының төрағасы Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысының аталмыш сессияда барлық Ассамблея мүшелерінің қатысуымен экономиканы жаңғырту, жас ұрпақты қолдау және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы еліміздің одан әрі дамуының нақты жолдарын көрсеткенін атап өтті. Осыған байланысты облыстық Ассамблея алдағы жұмыстарға байланысты бірқатар шешімдер қабылдап, биылғы іс-шаралар жоспарын бекітті.

Соңғы жаңалықтар