БҚО әкімінің жаңа орынбасары жұмысқа кірісті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Арман Кәрімұлы Өтеғұлов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
None
None

Ол ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысатын болады. Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Серік Сүлеймен басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.К.Өтеғұлов 1964 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 1989 жылы Саратов зоотехниктік-малдәрігерлік институтын ветеринар-дәрігер, 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

1989-1996 жылдары Фурманов ауданындағы «Ақкөл» кеңшарында аға, бас ветеринарлық дәрігер болып жұмыс істеді.

1996-1998 жылдары - Қазталов ауданындағы «Талдыапан» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры.

1998-2002 жылдары - Қазталов ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының агроөнеркәсіптік кешені мәселелері жөніндегі бас инспекторы.

2002-2010 жылдары - Қаратөбе ауданының әкімі.

2010-2013 жылдары - Теректі ауданының әкімі.

2013 жылдан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Соңғы жаңалықтар