БҚО: Ақтаулық тұрғын ақсайлық жігітті атып өлтірді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында 10 қаңтарға қараған түні «Ривьера» түнгі клубында қайғылы оқиға орын алды.
None
None

БҚО ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Сергей Шевченконың айтуынша, достарымен бірге кафеде болған Ақтау қаласының тұрғыны 26 жастағы ақсайлық азаматты басынан атып өлтірген.

Күдікті ретінде ұсталған 1986 жылғы ақтаулық бұрын суық қару қолданып, бұзақылық жасағаны үшін сотталған. Одан тіркелмеген «Стример» травматикалық тапаншасы тәркіленді. Осы оқиғаға қатысы бар Ақсай қаласының үш тұрғыны да құрықталды. Бұлар түнгі клубта одан бөлек тағы бірнеше адамға дене жарақаттарын келтірген.

Кісі өлімі орын алғанға дейін аталған бұзақылар көшеде шетелдік азаматты тонауға тырысқан, бірақ ол қашып кеткен.

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар