00:10, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
БҚО: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шаруа қожалығынан 9,2 млн. астам теңгені өндіріп алды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Х» шаруа қожалығынан 9 223 974 теңге берешекті өндіру туралы талапарызбен жүгінді.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тараптар арасында 2011 жылы 25 ақпанда және 2014 жылы 4 қарашада келісімшарттар жасалып, биылғы 25 ақпанға дейін 4 млн. теңге, өткен жылғы 4 қарашаға дейін 6 млн. теңге несие берілген. Алайда шаруа қожалығы қарызын уақтылы қайтармаған.
Экономикалық сот жауапкерден «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға берешегін толық көлемде және мемлекет пайдасына 276 719 теңге көлемінде баж салығын өндіру жөнінде шешім қабылдады.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.