БҚО: Аймақтық байқауда Тасқала халықтық театры жеңімпаз атанды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Сырым ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықтық театрлардың аймақтық байқауы мәреге жетті.
None
None

Екі күнге созылған өнер додасына БҚО-дан Сырым, Ақжайық, Тасқала, Атыраудан Индер және Құрманғазы, Ақтөбеден Алға ауданының халықтық театры қатысып, алты спектакльді қазылар мен көрермендердің назарына ұсынды. Соның ішінде Тасқала аудандық халық театры қойған Шыңғыс Айтматовтың «Ана - Жер-ана» драмасы (спектакльді қойған Жанар Бисенғалиева) әртістерінің шебер ойынымен, терең мазмұны, көп қырлылығымен айрықша көзге түсті. Байқау қорытындысында Тасқала аудандық халық театры (режиссері Ботакөз Сәрсенова) бас жүлдені жеңіп алса, Сырым аудандық Жымпиты халық театры мен атыраулық қос театр қалған орындарды бөлісті. Сонымен қатар алғалықтар Жанарыс пен Ақарыс Қалиевтер «Ең үздік жас актер», сырымдық Ақерке Әжіғалиева «Көрермен көзайымы», индерлік Айкөркем Нұрсұлтанова «Ең үздік жас актриса», осы театрдың режиссері Шайда Оразғалиева «Ең үздік әйел-ана бейнесі», құрманғазылық Самат Саламатов «Ең үздік ер адам рөлі», ақжайықтық Гүлім Ғұмарова «Үздік режиссер» аталымын иеленді. Сол секілді Алға аудандық халық театры Сырым ауданы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар