14:41, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілде сайысқа түсті
ОРАЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану мен насихаттау бағытында көптеген шаралар қолға алынып келеді.

Соның айғағы ретінде департамент қызметкерлері мемлекеттік тілде сайысқа түсті.
Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, төрт кезеңнен тұрған байқау қорытындысында талдау және статистика бөлімінің аға маманы, ұлты украин Елена Өтепова жеңіске жетті. «Сырым» кеден бекетінің аға маманы, татар Ришат Хузасаитов - екінші, «Жайық» кеден бекетінің аға маманы, орыс Виталий Мамыкин үшінші орынды иеленді.
Бұдан бұрын БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің өкілдері республикалық деңгейдегі осындай сайыстарға да қатысып, жүлделі орындарды еншілеген болатын.