16:32, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
БҚО бюджеті 118 млрд. теңгеге жетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының 2014 жылғы бюджеті 118,0 млрд. теңгені құрады.
Облыстық қаржы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соның 113,3 млрд. теңгесі кіріс болып табылады. Республикалық бюджеттен түскен трансферт 70,5 пайызды құраса, 28,3 пайызы - салықтық түсімдер. Жыл ішінде ел бюджетінен 79,9 млрд. теңге түссе, соның 36,3 млрд. теңгесі - субвенциялар. Мақсатты трансферттер көлемі - 43,6 млрд. теңге.
Салықтық түсімдердің (26,4 млрд. теңге) 82,4 пайызы - жеке табыс және әлеуметтік салықтар.
Республикалық бюджеттен өткен жылы 3,5 млрд. теңге займдық қаржы түсіп, ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында ауыл кәсіпкерлеріне несие беруге, «Қолжетімді баспана - 2020», моноқалаларды дамытуға және ауылдағы мамандарды әлеуметтік қолдауға жұмсалды.