БҚО-да 100-ге жуық мектеп жаңарған пәндік кабинеттермен жабдықталып жатыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 96 мектеп жаңарған пәндік кабинеттермен жабдықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің мәлім еткеніндей, Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы аясында игілікті істер жүзеге асырылуда.

Білім ошақтарын жаңарған пәндік кабинеттермен жабдықтау – соның бірі.

«Білім сапасының артуы ұстаздардың біліктілігімен қатар мектептердің заманауи талаптарға сай оқу кабинеттерімен жарақтандырумен тікелей байланысты екендігі айдан анық. Оқушылар зертханалық жұмыстарды өз қолдарымен істеп, тәжірибені өз көзімен көрсе, әрине, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттері артады. Сол үшін қолайлы орта жасақтауымыз қажет. Құрылғыларын да, жиһазын да, кабинеттің ішін де жаңартудамыз», - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, ауыл мектептерін жаңғырту аясында облыс бойынша 64 ауылдық мектепте 64 химия, 64 физика, 64 биология, барлығы 192 кабинет жабдықталуда.

Сонымен бірге жан басына шаққандағы қаржыландыру есебінен Орал және Ақсай қалаларының 32 мектебіне 40 кабинет (биология – 16, физика – 15, химия – 9) және 7 STEM зертхана алынды.

Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 54 жаңа автобустың шалғай елді мекендер балаларын мектепке тасымалдайтынын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар