БҚО-да 11 жасар ұл бала асылып қалды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 11 жасар ұл бала асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға Бәйтерек ауданы Дариян ауылында болды.
Өз үйінде 2009 жылғы ұл бала асылып қалған. Ол – отбасындағы үш баланың үлкені. Нақты не себеп болғаны белгісіз.
«Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.