БҚО-да 1227,6 млн. теңгеге 12 жаңа жоба мақұлданды

Азық-түлік өнімдерін, бетон бұйымдарын өндіру, ауыл шаруашылығы мен сауданы дамыту, көлік, құрылыс, медицина, қонақүй қызметтерін көрсетуге бағытталған жобалар қалада ғана емес, сонымен қатар аудандарда да жүзеге асырылмақшы. Мысалы, Ақсай қаласында бес жұлдызды қонақүй салынатын болса, Оралда бірінші ортопедиялық салон ашылмақ. Шыңғырлау ауданында бетон бұйымдарын өндіретін цех жұмыс жасамақ. Кәсіпкерлер сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын атқару, ірі қара мен мал азығын, көлік пен жабдықтар алу, айналым қаржысын толықтыру үшін жеңілдікпен несие алмақшы.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалының директоры Ербол Иденовтің сөзіне қарағанда, жыл басынан бері облыста 5,9 млрд. астам теңгеге 108 жоба қолдау тапса, соның 101-і несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға, жетеуі инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.