БҚО-да 1236,0 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылғыдан 9,0 пайызға артты

ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда 1236,0 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылғыдан 9,0 пайызға артты.
None
None

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, осының дені (1122,8 млрд. теңге) кен өндіру саласының үлесіне тиеді. Мұнда өсім - 8,5 пайыз. Әсіресе, табиғи газ өндіру - 16,8, газ конденсаты 10,2 пайызға көбейді.

Өңірде өңдеу өнеркәсібінде 90,6 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бұл өткен жылғыдан 15,4 пайызға артық. Соның ішінде машина жасау (2,1 есеге), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру (1,5 есеге), мұнай өңдеу өнімдерін, өзге металл емес минералдық өнімдер (1,4 есеге), тоқыма бұйымдарын өндіру (1,2 есеге), азық-түлік өнімдерін өндіру (7,8 %-ға), киім тігу 1,8 %-ға асып түсті.

Соңғы жаңалықтар