БҚО-да 15 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылмақ

Л. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Жолдауына сәйкес Батыс Қазақстан облысында «Таза су», «Ақбұлақ» бағдарламалары бойынша 10 ауданда сумен қамтудың 15 нысаны салынып, пайдалануға беріледі.
None
None

Ауыл-аймақты таза сумен қамту жұмыстарына республикалық бюджеттен 1644 млн. теңге бөлінді. Облыстық құрылыс басқармасының бастығы Қуаныш Мұхаметқалиұлының мәлімдеуінше, Елбасының биылғы халыққа Жолдауында «Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері - халықтың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, сондықтан бұл біздің басымдығымыз болады», - делінген болатын. Бұл бағытта БҚО-да ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Ақжайық ауданының Мерген, Есенсай, Бударин ауылдарының 4469 тұрғыны таза су ішуге мүмкіндік алады. Аталмыш ауылдарға 49 шақырымдық су құбыры тартылады. Ал Бөкей ордасы ауданының Саралжын ауылындағы өткен жылы басталған су нысанының құрылысы биыл аяқталады. Онда 28 шақырымдық су құбыры жүргізіліп, 1462 тұрғын ауыз сумен қамтылады. Бөрлі ауданында Приурал, Жарсуат, Жаңақала ауданының Жаңақала ауылы, Жәнібектің Жақсыбай, Зеленовтың Погодаев, Қазталовтың Қараоба және Жұлдыз, Қаратөбенің Ханкөл, Тасқаланың Тасқала, Оян, Теректінің Шағатай ауылдарына таза су барады.

Сонымен қатар биыл 14 су нысанының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар