БҚО-да 153 адам «Нұр жиһаз» қаржы пирамидасынан зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігі БҚО-да «Нұр жиһаз» қаржы пирамидасын ұйымдастырған азаматты ұсталды. Аталған пирамида жеке тұлғалардан қаражатты тарта отырып, жиһаз ойнату арқылы, міндетті түрде жаңа салымшыларды тарту шартымен жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттікке сілтеме жасап.
«Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталды. Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты кінәлі деп танып, қаржы және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», - делінген хабарламада.