БҚО-да 16 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды
ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты үзілген электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
БҚО энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан мәлім еткеніндей, облыстың 5 ауданында 63 елді мекенде электр желілеріне зақым келген. Атап айтқанда, Жәнібек ауданында 12, Бөкей ордасында 18, Тасқалада 8, Казталовта 16, Бәйтеректегі 9 ауылда және Оралда электр жарығы сөнді.
Бүгінгі 15.00-дегі мәлімет бойынша 16 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған. Газбен қамту желілері бойынша жағдай тұрақты, ажырату болған жоқ.
Қазіргі таңда Орал қаласында Зачаган кентінде жарық жоқ. Тұрғындар осыған алаңдаушылық білдіріп отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранға байланысты бірқатар ауданда электр жарығы өшкенін жазған едік.