БҚО-да 180 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның 137 443-і екінші компонентпен егілді.
Басқарма мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде өңірде ресейлік «Спутник V»-дан басқа кейбір егу кабинеттерінде отандық «QAZVAC» және қытайлық «CoronaVac» вакциналары бар. Жуық арада отандық, ресейлік, қытайлық, ал күзде американдық вакцина түсуі керек.
Облыста күні бүгінге дейін 15360 педагог (97,8 пайыз) егілді.
Жыл басынан бері өңірде 23462 адам коронавирус жұқтырды. Соның 1906-сы – балалар. 1819-ы сауығып кеткенімен, 87 бала әлі ауырып жатыр.
Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, вирус жұқтыру көрсеткіші 11,1 пайызға (121 науқасқа) кемігенімен, ауруханаға түсіп жатқандар саны азайып отырған жоқ.
Қазіргі таңда 1459 төсектік 20 инфекциялық стационарда 659 науқас ем қабылдауда. Соның ішінде Орал қаласында 911 төсектік 7 ауруханада 532 адам жатыр. Жансақтау бөлімшелерінде жатқандар 53-ке жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да төрт күнде 500-ге жуық адамның коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.