БҚО-да 2,9 млрд. теңгеге 13 жаңа жоба мақұлданды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2,9 млрд. теңгеге 13 жаңа жоба мақұлданды.
None
None

БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл жобалар машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш білім, стоматологиялық қызмет, сауда және жолаушылар тасымалдау салаларында жүзеге асырылуда. Орал қаласында, сондай-ақ Тасқала, Зеленов, Сырым аудандарында қолға алынған жобалардың басым көпшілігі айналым қаржысын толықтыруға арналған. Кәсіпкерлерге аталмыш бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары бойынша банктен алған несиенің пайыздық мөлшерлемесін демеуқаржыландыруға қолдау көрсетілді. Жеңілдікті несиелер сондай-ақ жабдық, автокөлік, жылжымайтын мүлік алуға, құрылыс салу мен ғимараттарды қайта жөндеуге жұмсалмақшы.

Жобалар бойынша 38 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.

Соңғы жаңалықтар