11:05, 10 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да 2014 жылға дейін 164 млрд. теңгенің 22 жобасы жүзеге асырылмақшы
АЛ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2014 жылға дейін 164 млрд. теңгенің 22 жобасы жүзеге асырылмақшы.
Осы жобаларды іске қосу барысында 870 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Соңғы жылдары өңірде ірі және орта кәсіпорындарда 152 млрд. астам теңгенің 80 жобасы жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.