БҚО-да 2015 жылы 234 шақырымдық автожолдарды жөндеуге 13 мың адам тартылады
Министр БҚО-да автожолдарды жаңғырту жоспарларымен танысты. Ағымдағы жылға қаржыландыру көлемі 6,3 млрд. теңгені құрайды. Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолын жаңғырту, Чапаев-Жалпықтал-Қазталовка, Қазталовка-Жәнібек-РФ шекарасы жолдарын күрделі жөндеу, сондай-ақ Орал-Теплое-РФ шекарасы учаскесін орташа жөндеу жоспарлануда.
Өткен жылы облыста республикалық және жергілікті маңыздағы 130 шақырымдық автожол жаңғыртылды және жөнделді.
Биылғы жылы 234 шақырымға тарта республикалық және жергілікті маңыздағы автожолдарды жол-жөндеу жұмыстарының барлық түрімен қамту көзделіп отыр. Бұл жұмысқа 13 мың адам тартылмақ.
Министрдің атап өткеніндей, халықты жұмыспен қамту және кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету - бұл барлық өңірлердің басымдықты міндеттері.