БҚО-да 2015 жылы 5,6 млрд. теңгеге өңір жолдары жөнделді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 2015 жылы Батыс Қазақстан облысының жолдарын қайта құру, күрделі және орта жөндеуге 5,6 млрд. теңге бөлініп, осы қаржыға 116 км жол жөнделді.
None
None

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, жаңа технологияларды қолданудың арқасында осындай көлемдегі қаржыға ауқымды жұмыс көлемін атқаруға қол жеткізілді. Яғни бұрынғы асфальт жабындары жаңа жол салған кезде қайтадан пайдаға асырылып, шығынды едәуір азайтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес соңғы үш жылда өңірде жол құрылысы біршама алға басты. Егер бұрын 12 ауданның алтауына дейін қатқыл табанды жол қатынасы болса, осы жылдары тағы үш аудан орталығына осындай жол жеткізілді. Күні бүгін өңірдің оңтүстіктегі үш ауданы - Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы ғана қатқыл табанды жолсыз қалып отыр. Республикалық маңызы бар бұл жолдарға қатқыл табан төсеу Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында.

Айта кетейік, өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес Ұлттық қор қаржысына халықаралық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытындағы жолды қайта құру (үш жылға есептелген құрылыстың жалпы құны - 23 млрд. теңге) жұмыстары басталды. Бұл жолдың облыс үшін маңызы ерекше. Өйткені тақтайдай тегіс жол салынған кезде жергілікті кәсіпкерлерге Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар