БҚО-да 215 медицина қызметкеріне 22,6 млн теңге үстемеақы төленді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы күрес шараларына тікелей тартылған 215 медицина қызметкеріне 22,6 млн теңге үстемеақы төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыс әкімдігі мәлім еткеніндей, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетілуде.

Үстемеақы үш топ бойынша төленетіні белгілі. Өңірде наурыз айының қорытындысына сәйкес бірінші санат (қауіптілігі аса жоғары) бойынша 23, сондай-ақ екінші топқа (қауіптілігі жоғары) кіретін 101 және үшінші санаттағы (қауіптілігі орташа) 91 қызметкерге үстемеақы төленді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюповтың айтуынша, қазіргідей жауапты кезеңде медицина қызметкерлерінің қауіпсіздік шараларын сақтауы да аса маңызды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн теңге төленетіні мәлім.

«Қазіргі кезде Оралда коронавирус жұқтырып алған медбикеге қатысты эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Соның қорытындысына сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады», - деді Б.Каюпов.


Соңғы жаңалықтар