БҚО-да 24 мектеп өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған 24 мектеп жауапкершілікке тартылды.

мектеп
Фото: Pixabay

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Бөрлі ауданы прокуратурасы білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау бойынша тексеру жүргізген.

Анықталғандай, мектептерде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қамтамасыз етілмеген.

Атап айтқанда, жертөлелерде жанғыш заттар мен материалдар сақталған. Өрт бола қалған жағдайда оны сөндіру үшін сумен жабдықтау көздері жоқ.

«Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулықтар бекітілмеген, өрт дабылы жұмыс істемейді. Бұзушылықтарға қарамастан, мектеп директорлары оларды жою шараларын қабылдамай, оқу үдерісін жалғастыра берген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 24 жалпы білім беретін мектеп Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 410-бабы 1-бөлігіне (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды» деп хабарлады ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар