БҚО-да 241 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 240 990 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бұл – облыс бойынша егілуге тиісті тұрғындардың (414 389) 58,2 пайызы.

Орал қаласында барлығы 224 092 адам егілуі керек болса, соның 124 192-сі алғашқы екпесін салдырды. Сондай-ақ Бөрлі ауданында 34 105 тұрғынның 23 469-ы, Бәйтеректе 29 999 адамның 17 993-і бірінші компонентпен егілді.

Өткен тәулікте 613 адам бірінші компонентті қабылдаса, соның 18-і – созылмалы дерті бар адамдар.

Басқарма мәліметіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері барлығы 39 223 науқас тіркелді.

Қазіргі таңда 511 адам амбулаторлық ем алуда. Облыс стационарларында жатқан 153 науқастың 15-і ауыр халде. Соның ішінде біреуі инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жыл басынан бері коронавирус жұқтырғандар саны 30 мыңға жуықтағанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар