12:04, 16 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да 315,1 мың адам жұмыспен қамтылып отыр
ОРАЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы үшінші тоқсанда 315,1 мың адам жұмыспен қамтылған.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның 60,1 пайызы жалдамалы жұмысшылар болса, 39,9 пайызы - өзін-өзі қамтушылар.
Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады. Өткен жылы үшінші тоқсанда 18,5 мың адам жұмыссыз болып, мұның деңгейі 5,5 болса, биыл сәйкесінше 17,4 мың және 5,2 пайызға түсіп отыр. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны өткен жылы үшінші тоқсанда - 334,9 мың, биыл осы кезеңде - 332,4 мың адам.