07:39, 18 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да 48,5 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды
АЛ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда 48,5 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері 1295 жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
Он айда тұрғын үй құрылысына 9,8 млрд. теңге жұмсалды, бұл 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе жоғары. 2011 жылдың қаңтар-қазан айларында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2010 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 24,1 %-ға өсіп, 163164 шаршы метрді құрады.
Биылғы он айда республикалық бюджет қаражаты есебінен - 38085 ш.м, жергілікті қазына қаржысына - 371 ш.м., кәсіпорындар есебінен -13018 ш.м, тұрғындар қаражатына 111690 ш.м. тұрғын үй салынған.