14:49, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
БҚО-да 5,8 млн. астам теңге айыппұлын төлемеген 282 көлік иесі ұсталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 5 млн. 832,8 мыңнан астам теңге әкімшілік айыппұлдарын төлемеген 282 автокөлік иесі ұсталды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл көліктер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 797-бабына сәйкес айып тұрағына қойылды. Рейдтік шаралар нәтижесінде 1 млн. 21,2 мыңнан астам теңге өндірілді.
Айта кетейік, депатаментте иелері қарыздар автокөлікті анықтайтын 2 жылжымалы және 4 стационарлық «Автоураган» кешендері жұмыс жасайды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.