БҚО-да 500 өрт тіркеліп, 11 адам қаза тапты

ОРАЛ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда 500 өрт оқиғасы тіркелсе, соның 197-сі қалада, 303-і ауылдық жерде, 366-сы тұрғын үй секторында орын алды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінде қысқы мезгілде өрттің алдын алу мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
None
None
Мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы Жарқын Фазыловтың айтуынша, өрт салдарынан 11 адам қаза тапса, сондай-ақ 115 бас мал, 3 мың тоннаға жуық пішен, 16 автокөлік отқа оранды. 12 үй түгелдей жанып кетті. Департамент бастығының орынбасары Омар Бержановтың атап өткеніндей, қыс түсе газбен жылыту, пеш жағу, электр құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтамауға байланысты өрт қаупі күшейетіні белгілі. Сондықтан газ және көмірден иіс тию жағдайлары жиілейді. Ауа райы да құбылмалы. Түрлі қатердің алдын алу үшін тұрғындардың сақтық шараларын әрдайым есінен шығармауы тиіс. Осыған орай төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі айлығын жариялап, тексеру шараларын жүргізуде. Осы кезге дейін 7571 үй, шаруашылық нысаны тексеріліп, тұрғындарға 15 мыңнан астам жадынамалар табыс етілді.
Соңғы жаңалықтар