БҚО-да 54 жаңа автобус шалғай елді мекендер балаларын мектепке тасымалдамақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында 9 «ПАЗ» автобусы Ақжайық, Бәйтерек, Жаңақала, Казталов және Сырым аудандарының мектептеріне салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Салтанатты рәсімге қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің айтуынша, мектептері жоқ елді мекендер балаларын тасымалдау үшін барлығы 54 автобус сатып алынбақ.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда, оқушылардың күнделікті тасымалдауын сапалы ұйымдастыру және автокөліктерді жаңарту үшін республикалық бюджеттен облысқа 54 автобусты қаржылық лизингі арқылы сатып алу үшін барлығы 2 799 599,7 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Яғни ескі көліктерді жаңа автобустар алмастырады. Соның нәтижесінде мектептері жоқ 73 елді мекенде тұратын 4 062 бала күн сайын 56 білім ордасына тасымалданады. Бүгін 21 орындық 9 «ПАЗ» автобусы аудандарға берілсе, қалған 45-ін осы жылдың соңына дейін жеткізу жоспарлануда. Жаңа оқу жылы табысты болсын!» - деді Бақытжан Нарымбетов.


БҚО білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, республикалық бюджеттік комиссия шешіміне сәйкес мектеп жасындағы балаларды тасымалдауға арналған автобус 54 мектепке беріледі. Күні бүгін Сырым, Жаңақала аудандарына бір-бірден, Бәйтерек пен Ақжайыққа екі-екіден, Казталовқа үш автобус тапсырылды. Қалған 45 автобус келген соң, олар да осылай қажеттілікке қарай бөлінетін болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 108 мыңнан астам шәкірттің бес күндік оқу аптасына көшетінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар