БҚО-да 61,8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді

ОРАЛ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда 61,8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 6,1 пайызға артық. Соның ішінде 27 млрд. теңгенің өнімі - өсімдік, 34,3 млрд. теңге мал шаруашылығына тиесілі. Өсімдік шаруашылығында өнім көлемі 17,7 пайызға көбейсе, мал шаруашылығында 1,6 пайызға кеміді.

Жыл басынан бері тірілей салмақпен алғанда 57,4 мың тонна мал мен құс еті (өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 100,9 пайыз), 206,2 мың тонна сүт (95,1 пайыз), 114,9 млн. дана жұмыртқа (103,6 пайыз) өндірілді.

2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша өңірде 412,9 мың бас ірі қара (2010 жылғы деңгейге 91,3%), 756,4 мың қой (102,1%), 199,7 мың ешкі (95,5%), 78,6 мың жылқы (109,7%), 25,2 мың шошқа (85,9%), 3,5 мың түйе (93,6%), 991,5 мың құс (99,4%) санаққа іліккен.

Соңғы жаңалықтар