15:32, 03 Желтоқсан 2011 | GMT +5
БҚО-да 7211 заңды тұлға тіркелген
ОРАЛ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша 7211 заңды тұлға тіркелген.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 50 адамнан аз қызметкері бары - 6577. Заңды тұлғаның 5294-і жұмыс жасап тұрса, соның 4661-і - шағын кәсіпорындар.
Заңды тұлғалар сауда, автокөлік және мотоциклдерді жөндеу саласында (24,6 пайыз), құрылыста (15,9) және білімде (9,1) көбірек тіркелген. Осының жиынтығы - барлық тіркелген заңды тұлғалардың 49,6 пайызы.