10:13, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
БҚО-да 7236 заңды тұлға тіркелген
ОРАЛ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 қаңтарға 7236 заңды тұлға тіркелген.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 50 адамнан аз қызметкерлері бары - 6588. 5241 заңды тұлға жұмыс жасап тұрса, соның 4595-і - шағын кәсіпорындар.
Заңды тұлғалардың 24,4 пайызы сауда, автокөлік және мотоциклдерді жөндеу саласында тіркелген, 15,7 пайызы - құрылыс, 9,1 пайызы - білім саласында. Осы үш саланың үлесі - 49,2 пайыз.