БҚО-да 845 қызметкерге жалақы берешегі өтелді

БҚО прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешевтің айтуынша, еңбек саласындағы 11 тексеру қорытындысында 458 заңбұзушылық анықталып, оны жою үшін 5 ұйғарым, 29 наразылық, 22 ұсыным берілді. Заңға 11 рет түсінік жасалды.
Прокурорлық ықпал ету шараларымен еңбек заңдылығын бұзғаны үшін 12 адам әкімшілік, 26-сы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Орал қаласы прокуратурасы биылғы наурызда «СВ плюс» ЖШС, «F+VSV Service» ЖШС, «Жером» ЖШС, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Орал Таза Сервис» және «Урал Вент» ЖШС-да, барлығы алты кәсіпорында еңбекақы қарызы қордаланғанын анықтап, оны толықтай өтеуге ықпал етті.
Сол секілді Бөрлі ауданы прокуратурасының шара алуы нәтижесінде «Горкомхоз» мекемесінің 187 қызметкерге қаңтар айы үшін 16,5 млн. теңге жалақы бережағы түгел төленді.