17:27, 10 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да 9,4 млн. астам теңгенің жалақы қарызы өтелді
ОРАЛ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы прокуратурасы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына қатысты жүргізген мониторинг нәтижесінде «Металл бұйымдары» БК» ЖШС-ның 312 қызметкеріне биылғы қыркүйек айы үшін 9429174 теңгенің жалақысын төленбегендігі анықталды.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қала прокуратурасы кәсіпорын директорына заңбұзушылықты дереу жою және қызметкерлерге жалақыларын толық төлеу туралы ұйғарым енгізген. Соның нәтижесінде олардың еңбекақысы толықтай төленіп, конституциялық құқықтары қорғалды.