БҚО-да 9 жастағы бала екі інісін өрттен құтқарды

АСТАНА. KAZINFORM - Оқиға Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округінде болды.

пожар, пожарники, противопожарная службы, өрт, өртке қарсы қызмететі
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Мектепте істейтін ата-анасы жұмысқа кеткенде, үш бала үйде болған. Олар теледидар көріп отырғанда, кенет жарық сөнеді. Сөйтсе, жатын бөлмеден өрт шығып, түтіндей бастапты. Батыр баланың әкесі Фазыл Тілекбергенұлы мән-жайды толық түсіндіріп берді.

БҚО-да 9 жастағы бала екі інісін өрттен құтқарды
Фото: "Сырым елі" газетінің Facebook парақшасынан

– Былтыр Жымпитыда 5 баланың өртеніп кету оқиғасы балам Бейбарыстың лезде есіне түскен. Шақалақ інісін бір қолына көтеріп, екі жастағы бауырын екінші қолына жетектеп, сыртқа алып шыққан. Сөйтіп, анасына хабарласып, үйдің өртеніп жатқанын хабарлаған. Бәріміз жалма-жан жүгіріп бардық. Ауыл әкіміне, өрт сөндірушілерге хабарластық, – дейді ол.

 БҚО-да 9 жастағы бала екі інісін өрттен құтқарды
Фото: Kazinform

Сондай-ақ оның сөзінше, қызыл жалын жатын бөлменің сыртына орнатылған есептеуіш сымдарының тұйықталуынан тұтанған.

– Сырым ауданы, Аралтөбе ауылындағы үйлердің бірінде жатын бөлмеде жиһаздар мен жеке заттар жанған. Өрттің аумағы – 5 шаршы метр. ТЖД қызметкерлері өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, – делінген БҚО ТЖД-ның ресми жауабында.

Батыр бала Бейбарысты ауылдық округтің әкімі қабылдап, құрмет білдірген.

 БҚО-да 9 жастағы бала екі інісін өрттен құтқарды
Фото: "Сырым елі" газетінің Facebook парақшасынан

Айта кетейік, бұған дейін Петропавлда көлік жүргізушісі өрттің дүкенге таралуына жол бермегенін жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум