БҚО-да 979,9 млн. теңгеге 10 жоба мақұлданды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің төрағалық етуімен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында 979,9 млн. теңгеге 10 жоба қолдау тапты.
None
None

«Бизнестің жол картасы - 2020» және «2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында қаралған жобалар автокөлік қызметтерін көрсету, сауда қызметі салаларын қамтиды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламаның бірінші бағыты бойынша екінші деңгейдегі банкіден алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін «Кәрімов Жоламан» ЖК, «Спецтехсервис» ЖК-нің «Екі «КамАЗ» және қос тіркеме сатып алу», «Хасипов Р.» ЖК-нің «Жүк тасымалдау үшін «МАЗ-544008» автокөлігін сатып алу», «Snack Sauda West Distribution» ЖШС-нің «Krone» маркалы 20 рефрижераторлық тіркемесі мен «MAN» тартқышын сатып алу және айналым қаражатын толықтыру» жобалары мақұлданды. Сондай-ақ «АСХАТ» ШҚ-ның, «Нұр» ЖК-нің көлік сатып алу, «Шепель В.Н.» ЖК-нің «Айналым қаражатын толықтыру-гофрлеу үшін қағаз және ағарған қағаз сатып алу» жобалары да кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін «Жиринчиева А.Г.» ЖК-нің «Коммерциялық жылжымайтын мүліктің құрылысы (сауда үйі)», «АксайТехСнаб» ЖШС-нің «Коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу», «ВестТрансСистемс» ЖШС-нің «Автокөлік сатып алу», «Фанки Таун Запад» ЖШС-нің (бірлескен қарызгер - «Batys Amusement» ЖШС) «Балалар ойын-сауық саябағы үшін негізгі құралдарды сатып алу және алып келу» жобалары қаралып, талданған соң оң шешім шығарылды.

Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының төртінші бағыты аясында «Назарбаев университеті» АБМ бизнес-мектебі базасында шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша БҚО-дан оқуға қатысушылардың тізімі бекітілді.

Соңғы жаңалықтар