БҚО-да адамдарды қорқытып, мүлкін иемденумен айналысқан екі азамат ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҚО-да екі жыл бойы адамдарды үркітіп-қорқытып, мүлкін иемденумен айналысқан екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Рolisia.kz.
Олар 33 жастағы қала тұрғынын қорқытып, 11 млн теңге көлемінде ақша алған. Жәбірленушінің саяжайдағы үйі мен жеке дүние мүліктерін өздерінің атына жаздырып алған.
Осы іске күдікті ретінде бұрын істі болған 1966 және 1980 жылғы екі азамат ұсталды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.