БҚО-да алаяқ екі ағайындыны 5 млн теңгеге алдап кеткен

АСТАНА. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бірнеше танысын сан соқтырған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО-да ағалы-інілі екі азаматты 5 млн теңгеге алдаған күдікті құрықталды
Фото: Polisia.kz

Күдікті таныстарына бірнеше смартфон сатып алуды ұсынып, оларды бастапқы құнынан қымбат бағаға қайта сатуға болатынын айтқан. Ол телефондарды сатып алғаннан кейін несиелерін жауып, қалған ақшаны өзара бөлісетіндеріне сендірген.

— Орал қаласының тұрғындары күдіктінің сөздеріне сеніп, үш IPhone 15 сатып алған және оған 2 миллион теңгеге жуық ақша берген. Телефондарды алған соң алаяқ «ізін суытып», жәбірленушілерді сан соқтырып кеткен. Тергеу нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығынның 5 миллион теңгеден астам екені анықталды. Қаржылық шығынға ұшырағандар туған бауырлар болып шықты. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды кез келген жағдайда сақ болуға шақырады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, полиция жиһаз цехінде есірткі сақтаған қостанайлықты ұстады.

Соңғы жаңалықтар