20:02, 29 Маусым 2018 | GMT +5
БҚО-да алдағы күндері аптап ыстық болады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 1-3 шілде күндері аптап ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, кей жерлерде температура тілі 40 градусқа дейін жетеді. Орал қаласында да қатты ыстық болады.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты қызметін қамтамасыз ету мақсатында ескерту жариялап, тиісті шаралар алынуда.
Айта кетейік, өңірде биылғы жаз ыстық болып тұр. Әсіресе, облыстың оңтүстік аудандарында жаңбыр жаумағалы екі айдай уақыт болды. Соның салдарынан шөп те шықпай қалды.