БҚО-да алты бірдей адамды алдап кеткен алаяқ сотталды
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, риэлторлық компанияда техникалық директор қызметін атқарған сотталушы аталған қала тұрғындарының сеніміне кіріп, оларды жер телімін алу, жылжымайтын мүлікті сату, жылжымайтын мүлік ипотекасын рәсімдеуге көмектесуге мүмкіндік барына сендіріп, сонымен бірге өзінің мәселелерін шешу үшін жәбірленушілерден қарызға ақша алған. Оның бұдан бұрын да алаяқтығы үшін 2 жылға бас бостандығы шектелген. Бұл жолы жаза қатаңдау болып шықты.
Бөрлі аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы үш жәбірленушімен татуласу туралы келісім жасасты.