БҚО-да апатқа ұшыраған тікұшақты шығарған зауыт өкілдері оқиға орнына барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанда апатқа ұшыраған тікұшақты шығарған зауыт өкілдері оқиға орнына барады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов ведомствода өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Бүгін тікұшақты әзірлеген зауыт өкілдері оқиға орнына барады», - деді Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ ол БАҚ өкілдерінің сұрақтарына берген жауабында тікұшақтың Ресей Федерациясында өндірілгенін растады.

Еске салсақ, кеше Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі тікұшақтың «апатты жағдайда қонып», 4 адамның мерт болғаны хабарланған болатын.

ТЖМ Батыс Қазақстандағы оқыс оқиғадан қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады.

Фото: t.me/qr_tjm




Соңғы жаңалықтар